Жұрт шулап жатыр:Министрдің жаңалығы үлкен сынға ұшырады

Жұрт шулап жатыр:Министрдің жаңалығы үлкен сынға ұшырады

Оқу ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова Атырау өңіріне барған жұмыс сапарында алдағы уақытта мектеп бағдарламасына үш пән енгізілетінін, сонымен қатар оқушылар енді диктант жазатынын мәлімдеген еді. Министрдің бұл жаңалығы жұртты аса қуанта қоймады, керісінше үлкен сынға ұшырады деп жазады Democrat.kz.

Еске салып өтейік, Оқу ағарту министрі 5 – 7 сыныптарға – "Конституция негіздері" пәні,  8 – 9 сыныптарға – "Заң және тәртіп" курсы, ал 10 – 11 сыныптарға –"Құқық негіздері" пәнін енгізу ұсынылып отырғанын айтқан болатын. 

Әлеуметтік желіде министрдің осы жаңалығына қатысты жұрттың басым бөлігі "бұл пән онсыз да жоғары сыныпта бар ғой. Ал төменгі сыныптың баласына заң туралы оқыту қиын болмай ма?", "балалар онсыз да жеті сабақтан зорығып, шаршап келеді. Бұл пәндерді қай тесікке тықпақшы?", "бұл пәндердің орнына астрономия, сызу, анатомия, еңбек, отбасылық құндылық сияқты сабақтар оқытпай ма?", "үш керексіз пән енгізіледі, үшеуі де өтілмейді", "алтыкүндік оқу жүйесіне көшірейін деп жатқан жоқ па? Бұл пәндерді қалай, қашан оқытпақшы"? , "ҰБТға керек пәндерді қосу керек, мектепте бекерге отырып қайтуда. Ал ҰБТға қосымша курстарда дайындалуда", "мектепке төсегімізді апарайық, сол жерде қонып, сол жерде жұмыс істей берейік", "әр келген министр осындай "жаңалық ашқысы" келеді, зардабын тартатын оқушы мен мұғалім", "баланың онсыз да үш сабақтан кейін қабылдау қасиеті төмендейді. Ал мынадай қосымша пәндер енгізілсе, жеті, сегіз сабақ бойы отыруы керек. Сонда не болады?" Деген пікірлер жазып, бұл жаңалыққа аса қуана қоймағандарын, қолдамайтындарын білдіріп, шуласуда. 

Мұнан да басқа жазылып жатқан пікірлерді төмендегі әлеуметтік желі парақшасына кіріп, қарап шықсаңыздар болады. 

Барлық жаңалықтар