"Жұрттан ұялдым": Жүрсін Ерманның әйелі ел білмейтін құпиясымен бөлісті

"Жұрттан ұялдым": Жүрсін Ерманның әйелі ел білмейтін құпиясымен бөлісті

Танымал ақын Жүрсін Ерманның әйелі Бақытжамал апамыз ел білмейтін отбасылық құпиясымен бөлісті деп жазады Democrat.kz. 

Әлеуметтік желіде Жүрсін Ерманның әйелінің "ешкімге қарамадым мен" деп басталатын видеосы тарады. 

"Мен әу бастан ешқандай жігітке қарамайтынмын. Ал Жүрсін көлігімен келіп, артымнан еріп жүретін. Бір күні құрысын деп, жұрттан ұялып, амалсыз қарағанмын"деген Бақытжамал апаны "сұхбаттасып" отырған журналист сөйлетпеді. 

Қайнысы болса керек, арасында қалжыңдап та отырған журналист "Жүрсін Ерманның арқасында бақытты әйел болдыңыз" деп қоймады.

Десек те, жұрт бұрынғы танымал диктор апаны көріп, кәдімгідей көзайым болды. 

Дайындаған Ұлжан БАҚЫТҚЫЗЫ.

Барлық жаңалықтар