"Жұрттың жеке өмірімен алыспай..."деген Ақан Сатаевтың әйелі жұртқа ескерту жасады

"Жұрттың жеке өмірімен алыспай..."деген Ақан Сатаевтың әйелі жұртқа ескерту жасады

Танымал режиссер Ақан Сатаевтың әйелі Альмира Тұрсын парақшасында кейбіреулерге ренішін білдіріп, жазба жариялады, деп жазады Democrat.kz.

"Әлеуметтік желіде жұрт жеккөрінішін, долбарын, болжамын, қарғысы мн пікірін тоқтаусыз жазуда.

Басқа біреудің өмірін білмей жатып, пікір айту... Адамның қандай жағдайларды басынан кешіргенін білмесе де, пікір айту...

Адам бұл шешімді не үшін қабылдады, білмейміз. Қандай жан жарасын емдеп жүр, не ойлап, нені уайымдап жүр, сырттай отырып, пікір айту оңай. 

Отырып алып, ешкім сұрамаса да ақыл айту оңай. Жұрттың шешіміне пікір білдіру. 

Алайда әркімнің өз өмір жолы  бар емес пе. Өз қателігі мен жетістіктері бар өз жолы бар. Жұрттың жеке өмірімен алыспай, тыныштық беріңіздер. Барлықтарыңызға бақыт, сәттілік, жақсылық тілеймін" деп жазды режиссердің әйелі. 

Орысшадан аударып, дайындаған Хақназар САДЫРХАН. 

Барлық жаңалықтар