Бадықова «Таптым-ау» фильмін түсіргенде Калифарнияның саундтрек үшін сұраған бір минутқа жеткіліксіз әніне бір миллион теңге талап еткенін айтқан болатын, деп жазады Democrat.kz.
Алайда, Калифарния мұны жоққа шығарды. «Маған ешкім қоңырау шалған жоқ. Хабарласса, менің директорыма хабарласты. Ол кісілер осы арқылы нан тауып отырған соң «Әнді алсаңыз, алыңыз. Бірақ құны осындай» деп жұмыс ретінде қарады. Ал Жаһан Отарғалиев ағам болса жеке хабарласып «маған трегің керек» деді. Мен «ала бер» деп тегін бере салдым. Сол сияқты Дариға ханымның өзі хабарласса, мүмкін беретін едім, бермей де қалуым мүмкін еді», – деді себебін түсіндіріп.