"Кәпірді алдың": Пәк қызға үйленген еркек Тұрсын Алагөзовке шүйлікті

"Кәпірді алдың": Пәк қызға үйленген еркек Тұрсын Алагөзовке шүйлікті

Әлеуметтік желіде кезекті діндар енді кәсіпкер Тұрсын Алагөзовке ақыл айтып, үндеу жасады деп жазады Democrat.kz.

Діндар кәсіпкерге шүйлігіп, өмірінде үлкен қателер жасағанын айтып: "Мен сияқты саған ешкім ақыл айтпас, бәлкім. Бәлкім, осыдан кейін Алла сенің көзіңді ашар. 

Жұрт мені қызғаныштан айтып жатыр дер. Бірақ менің жағдайым өте жақсы. Менің бүкіл әйелдерім пәк болып, қыздығымен келген. Бәрінің қыздығын өзім алдым. 

Тұрсын, сенің әйелің Баян сенің мұсылман екеніңді айтқан. Әйелің Баян Аллаға сенбейтін тәңірші, яғни кәпір. Алла Құранда кәпір әйелге үйленуге тыйым салған. 

Шатыспасам, бұрын сен де тәңірші, яғни кәпір болғансың. Баян екеуің отбасыларыңды бұздыңдар, мұсылман бұлай жасамайды. Сондықтан сен енді мұсылманға емес, халықтың жауына көбірек ұқсайсың. 

Неге? Себебі сен сыра сатасың. Алла спирттік ішімдікке тыйым салған. Екіншіден, сен балаларды "Макси шайыңмен" балаларды улап жатырсың", дейді. 

Мұнан бөлек діндар пластик ыдыстағы макси шайдың зиян жақтарын тәптіштеп айтып, зиянды су сатып жатқан Тұрсын Алагөзовтің өзін де, үйіндегі бүкіл заттарын да "харам" деп атады. 

Барлық жаңалықтар