Кенжебек Жанәбіловтің әйелі "ал мен..."деген күйде аузын аша алмай қалды

Кенжебек Жанәбіловтің әйелі "ал мен..."деген күйде аузын аша алмай қалды

МузАрт тобының әншісі Кенжебек Жанәбілов отбасылық бюджет туралы құпиясымен бөлісіп, "грин флаг" алды деп жазады Democrat.kz.

"Біздің отбасымыздағы бюджетке мен жауаптымын. Пәтердің коммуналдық шығындары, қалада достармен қыдыру, балалардың мектеп құралдарынан бастап, оқу шығындары, көлік тұрағының ақшасына дейін менің мойнымда" деген Кенжебектің әр сөзінің арасында әйелі "ал мен..."дей бергенде, күйеуі оны сөйлетпей, әрі қарай бюджет құпиясын айта берді. 

Кенжебектің әйелі "ал мен болсам..."деген күйі ең соңында "ал мен болсам, сол ақшалардың жұмсалуын бақылаймын"деп түйіндеді. 

Желі қолданушылар Кенжебектің үлкен жауапкершілігі бар азамат екеніне разы болып, ақ тілегін жаудыруда. 

Тек бірер келіншек әйелінің аузын аштырмаған Кенжебекке "грин флаг" деп жазып кетті. 

Барлық жаңалықтар