"Киноңмен бірге құрышы!": Жұрт Дариға Бадықованың масқарасын шығарды

"Киноңмен бірге құрышы!": Жұрт Дариға Бадықованың масқарасын шығарды

Актриса Дариға Бадықова еліміздегі кинотеатрларда көрсетіліп бастаған "Таптым-ау сені -3" фильмінің рейтингісі түсіп кеткенін айтып, халықтан көмек сұрап, видео жариялады деп жазады Democrat.kz.

Әлеуметтік желіде жариялаған видеосында Дариға Бадықова: "Дайректті оқып жатырмын. Жылы пікірлер көп. Жаман пікірлер жоқ. "Таптым ау сені" фильміне байланысты жақсы пікір жазып жатқандар өте көп. 

Біз үшін кино.кз деген жыл сайын стресс. Білмеймін, балды кім түсіретінін білмейміз. Бірінші күннен бастап, рейтингіміз түсіп кетті. Көтере алмай жатырмыз. Өтініш, осы кино.кз сайтына кіріп, "Таптым ау сені" фильмінің рейтингісін көтерейікші. 

Жұмыла жүріп, көмектесіңіздерші. Себебі, рейтингке қарайды қазір", деп жұрттан көмек сұрады. 

Өкінішке қарай, актрисаның бұл өтінішіне үлкен реніш білдіріп, тіпті киносының түкке алғысыз екенін айтқан кісілер аз емес. 

Мұнан бөлек, актрисаның бұрынғы күйеуі мен қазіргі жеке өмірі туралы айтқандар, масқара пікірлер жазуда. 

Барлық жаңалықтар