Танымал әнші, марқұм Мәдина Ералиеваның жол апатына қатысты әлі күнге дейін түрлі дүниелер айтылып келеді. "Астарлы ақиқат" бағдарламасына арнайы келген кісі өөзін сол оқиғаның тікелей куәгерімін деп, жұрт білмейтін шындықтарды жайып салды деп жазады Democrat.kz.
"Астарлы ақиқат" бағдарламасына келген куәгер: "Көлік алдымен алға қарай кетті де, артынша шана сияқты сырғанап, сай жаққа қарай, аунап түсті.
Біз көліктің қасына барғанда, өзінің әні көліктің ішінде шырқалып, ойнап тұрды. Көліктің әйнектері түгел сынған. Ал Мәдинаның өзі жоқ. Қауіпсіздік белдігін тақпаған екен. Көлік шайқатылып, айналған кезде ұшып кеткен бе, белгісіз", - деді.
Еске салып өтейік, әнші Мәдина Ералиева 2000 жылы жол апатына түсіп, қайтыс болған еді.