Әлеуметтік желіде көп әйел алған жігіт келіншектің саны көбейген сайын қандай проблемаларға тап келгенін айтып, ағынан жарылды деп жазады Democrat.kz.
Таяуда ғана үш әйелі барын мәлімдеп, онысын жұртқа көрсетіп, мақтанған блогер Бауыржан Бақытжанұлы өз блогын көп әйел алуға насихаттатын алаңға айналдырғаны мәлім.
Енді міне, сол блогер тағы да жұртты мазақ еткендей, алдымен: "Көп әйел алу оңай емес. Ақша жетпеу, әлеуметтік қиындықтар туындайды екен. Жастық шақта эмоциялармен білінбейді. Уақыт өте келе ақшаға келіп барлық мәселе тіреледі екен" деп бір видео жариялады.
Артынша: "Кім не десе, о десін, үш әйелім бар. Бақыттымын. Өміріміз ғажап" деген екінші видеосын салды.
Жұрт блогер, пропагандашының бұл әрекетіне реніш білдіріп жатыр. "Қазақстанда бір ғана әйел алуға рұқсат етілген. Ал мынау үш әйел алғанымен қоймай, онысын пропаганда жасап отыр. Мұндайларды заңды жауапқа тарту керек!" дегенге саятын пікірлер де жазылуда.