Әлеуметтік желідегі парақшасында momskiy_angime арнасы жұрттың анонимді хаттарын жариялауды бастап, алғашқы әңгімені корпоративте болған сұмдық оқиғамен ашты деп жазады Democrat.kz.
Арна парақшасының жазуынша, жаңа жылдық мерекеге орай ұйымдастырылған корпоратив кешке қатысқан келіншек басынан өткен сұмдық жайтты баяндап берген.
"Жасым 30 да, 2 балам бар, тұрмыстамын. Бір апта бұрын жұмыста үлкен корпоратив болатыны белгілі болғаннан үйде тыныштық кетті. Жолдасым "бармайсың" десе, мен "барамын" деп тұрып алдым. Сөйтіп бардым. Бірақ сол кештен кейін өзімді қоярға жер таппай жүрмін"деген келіншек өзі қалап барған кештен кейінгі сұмдықты айтады.
Айтуынша, көңілді кеште би билеп, ән айтып, ссоңында тойлатуды қалада жалғастырмақ болған. "Афтепатиға" арнайы жоспарлап, сол жаққа барғанда аздап ішімдік ішіп бастаған.
Аздап басталған ішімдіктің ақыры есінен айырғаны сондай, келіншек есін жиғанда мүлде бөтен пәтерде жатқанын көрген.
"Оянсам, біз жалдаған пәтерге ұқсамайды. Үстімде көйлегім бар, бірақ ішкиімсіз жатырмын. Орнымнан атып тұрдым. Бөлмелерді араласам, ешкім жоқ. Кеше не істеп, не қойғанымның ешбірін есіме түсіре алмадым.
Үстелдің үстінен бір парақ тауып алдым. "Рахмет. Арамызда қалады" деп жазылыпты"деген келіншек қазір өзін қоярға жер таппай, қиналып жүргенін жеткізіпті.