Танымал әнші Тамара Асар өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында ерекше бір жазбалар жариялап, оқырмандарын елеңдетіп қойды деп жазады Democrat.kz.
Еске салып өтейік, күні кеше ғана Тамара Асардың күйеуінің бұрынғы әйелі "балаларымның әкесі өз міндетін орындамай жүр" деп, ашуға толы үндеу жасап, қоғамды шулатқан болатын.
Арада бірнеше сағаттан соң, әнші Тамара Асар:"Тірліктен кеш қалдырмайтын, Тау асып, тапқан тіреуімді көрсетемін қазір. Реакция қалдыра кетіңіздер...
Әр пендеге өз әлемін таңдап берген Құдай шебер.
Бұл жақта бренд те, тренд те, сауда саттық та жоқ. Қытайдың ең керемет қаласы мен үшін. Бұл қалаға мен 20 жылдан бері келемін. Мені тағдыр өзі әкелді бұл жаққа...
Бұл қала мені тәрбиеледі.Қытайдың мықтымын дегендері сабақ берді. Жан мен тәннің философиясын түсіну арқылы мен өз философияма келдім..."деген сторис жариялады.



