"Күдікті інісі": 20 жасар жігіттің мәйіті құдықтан табылды

"Күдікті інісі":  20 жасар жігіттің мәйіті құдықтан табылды

Қызылорда облысының Жаңақорған ауданында кәмелетке толмаған жасөспірімге қатысты ауыр қылмыстық іс тергеліп жатыр. 16 жастағы тұрғын өз ағасының өліміне қатысы бар деген күдікпен қамауға алынған деп жазады Democrat.kz.

Полиция мәліметінше, қазіргі уақытта аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр. Тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жария етілмей отыр.

Оқиға қоғамда үлкен резонанс тудырды. Қайғылы жағдайдан кейін бір ұлынан айырылған отбасы енді екінші перзентінің тағдырына алаңдап отыр. Марқұмның жақындары істің жан-жақты әрі әділ тергелуін талап етуде.

Бір баламның қайғысы жайына қалды, екінші баламның мойнына қылмысты іліп жібере ме деп қорқып отырмыз,- дейді әкесі.

Ал анасы қылмысты бауырының жасауы мүмкін еместігін айтады. 

Соңғы рет көрейін деп кіргенімде денесінде көгерген іздерді байқадым. Оны бір адамның жасауы мүмкін емес,- дейді ол. 

Қазіргі таңда құқық қорғау органдары оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр. Тергеу барысында күдіктінің әрекетіне құқықтық баға беріліп, тиісті процессуалдық шешім қабылданады.

Еске сала кетейік, Қызылорда облысы Жаңақорған ауданында 20 жасар жас жігіттің мәйіті көрпеге оралған күйі үйге жақын жердегі кәріз құдығынан табылған болатын.

Барлық жаңалықтар