Белгілі заңгер Ләззат Рақышева өзіне келген кезекті хаттардың бірін жариялап, жұрттың жағасын ұстатты деп жазады Democrat.kz.
Хаттың толық нұсқасын еш өзгеріссіз назарларыңызға ұсынып отырмыз.
"Саламатсызба, Ләззат ханым. Мен
Қызылорда облысынан хабарласып тұрмын.
Қанша рет күйеуімнен зорлық -зомбылық көрсем де , үй болып кетейік деп шыдап келдім. Жүкті кезде де ұрып соғатын. Ұрып қылқындырып жүрді! Лудоман.
Жұмыссыз қалған кездің өзінде өзім асырадым.
Жолдасым екеуміз 1 июньнен бастап ажырасып, бірге тұрмайтынбыз. Ажырасу сатысында жүргенде, сот мырза уақыт берді, татуласуға.
25 шілде күні соңғы сот отырысы болуы керек еді, бірақ ол күнге жеткізбей 23 шілде күні ол үйде өз-өзіне қол жұмсады, газды қосып бензин құйып үйді жарып жіберді.
Яғни ол соған дейін кредитке алып берген газельді сатып жіберген, есік алдында тұрған строй материалды сатып жіберген. Менің до годовой ақшама тамның төбесіне жабатын ағаштардың барлығын інісінің үй жағына қойған.
Кірпішке берілген ақшаны да алып алған. Бір сөзбен айтқанда “Зәлім” адам болды.
Ол тұрып жатқан времянка маған тиесілі еді. Менің атымда. Қазіргі таңда төркінімде саялап отырмын.
Ол қоғамға қауіпті адам екенін жергілікті полицияға жеткізе алмадым. Сол жарылатын күні мені орталық магазиннің алдына келіп мал сияқты сүйреді. Таксисттерден көмек сұрап, аман қалдым.
21 шілде күні үйіме барғанымда, үйдегі заттардың бірнешеуі жоқ екенін көрдім. Содан ауыл участкелік полицияға шағым түсірдік. Ол шағымды тіркемеді. Мен үйдің құлпын ауыстырып қойдым, қалған затты сатып жібересін деп.22 күні арызды тіркеуін сұрадым, тағы да тіркемеді, тағы да үйге барып көрейін деп барсам, есіктің алдында 10 литрлік канистрде бензин, терезеден кірген, ол құлыпты ауыстырып қойыпты.
Содан учаскелік полицияны шақырдық, терезеден кірді үйге әкем екеуі, есіктің алдына ет шабатын балта мен үлкен қой соятын пышақтарды терезелердің алдына қойыпты.Енді балаларды бер деп келді бүгін үйге!!
Мен морально шаршап кеттім. Ата-анамның үйін паналап жүрмін!" Деп жазылған хатта.