"Күйеуіме інісінің әйелін әмеңгерлікпен күштеп қоспақшы"деген келіншек жұрттан көмек сұрады

"Күйеуіме інісінің әйелін әмеңгерлікпен күштеп қоспақшы"деген келіншек жұрттан көмек сұрады

Әлеуметтік желіде Айгүл есімді келіншек жұрттан ақыл мен көмек сұрап, "әмеңгерлікке" қатысты жазба жариялады деп жазады Democrat.kz.

Айгүлдің жазбасын назарларыңызға ұсына отырып, әмеңгерлік дегеннің қазіргі кезде керегі бар ма, жоқ па деген сауалдың жауабын сіздердің еншілеріңізге қалдырдық, құрметті оқырман.

"Қыздар қиын жағдайда тұрмын.Сондай қиын жағдайда. Не істесем болады? Күйеуімнен кейін інісі бар. Бізден кейін үйленді. Жақында інісі қайтыс болды.

Содан енді әулеттің үлкендері інісінің әйелін менің күйеуіме ӘМЕРГЕРЛІКПЕН екінші әйел етіп ал деп отыр. Ол келінімізде қарсы емес. Қарсы болмады.

Мен де күйеуім де жоқ деп бас тартсақ та қайта қайта сол темаға айналып келіп қалып жатырмыз. Күйеуім үзілді кесілді бас тартып отыр.   

Бірақ ата енем де "ал бір қыздың обалына қалма" деп отыр. "Қайтып үйіне барса не абыройы қалады қыздың" дейді. Араларында әлі бала болып үлгермеген. Жүкті емес.

Енем маған тіке айтпаса да сыртымнан неше түрліні өкіртіп жүр. Не істеймін қыздар, ішім жанып тұр. Мен жақтан әлі ешкім араласпады. Қатты ушығып бара жатса үлкендерді араға саламын деп отырмын.

 Мен өз басым енеммен де келініммен де сөйлескен жоқпын. Бірақ келініме қарасам әлі ақ байыңды тартып алам дегендей түрмен қарайды.

Бұл темада маған ешкім ештеңе демеді. Бірақ менің жарылуымды күтіп жүр бәрі. Мен күйеуіме сеніп тұрмын все. Тағы ушығып бара жатса менде отбасым бұзылғанын қаламаймын айтамын деп отырмын. Кеңестеріңізге үлкен рахмет"деп жазды Айгүл. 

Бұл жазбаға қатысты жұрттың пікірі екіге жарылды. Бірі "дұрыс қой, онда тұрған не бар" десе, көпшілік "осындай ескі әдеттерді жою керек" дегенге саятын пікірін жазуда.

Барлық жаңалықтар