Қазақстандық логопед Мөлдір Нұралықызы қазіргі кішкентай балалар арасындағы ең үлкен проблемаға қатысты өз тәжірибесінен кеңес беріп, кей бала үшін ескерту жасады деп жазады Democrat.kz.
"Балаңыздың тілі кеш шығып жатыр ма? Логопедке жүгірмес бұрын, оның саусақтарына қараңыз.
Мидағы сөйлеу орталығы мен қол моторикасына жауап беретін нүктелер көрші орналасқан. Олар бір-біріне тығыз байланысты. Саусақ епсіз болса — тіл де 'жалқау' болады.
Қазіргі балаларда бұл үлкен мәселе. Себебі — дайын тамақ, дайын киім (липучка), дайын ойыншық. Саусақтар жұмыс істеуді қойды", деген логопед баланың саусақтары мен саусақ ұштарының қимылы оның тілінің уақытылы шығуына қатты әсер ететінін айтады.