Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Мадина Ералиеваның сіңлісі Сағира Ералиева әлеуметтік желіде өткен күннен естелігімен бөлісті, деп хабарлайды Democrat.kz.
Ол жазбасында әпкесінің Франциядан гастрольдік сапардан оралған сәтін еске алған.
«Бұл – естелік сурет. Мадинаш Франциядан гастрольден келген күн еді. Арсен екеуміз әкелген сыйлықтардан бұрын, оның аман-есен жеткеніне қатты қуанғанбыз. Біз үшін әкеміз де, анамыз да, бар байлығымыз Мадинаш болатын», – деп жазды ол.
Желі қолданушылары жазба астында жылы пікірлер қалдырып, естелікке қатысты әсерлерін білдірді.