Түркістандық жас депутат Нұрайым Шақимерген әлеуметтік желіде жәбірленгенін жариялады, деп хабарлайды Democrat.kz.
Нұрайым желіде фотосын жариялап мынадай жазба қалдырған:
"Бұл сурет тек жанынан түсірілген. Қабағым жыртылып, көгерген. Кімнің жасағанын біліп отырған шығарсыздар. Бұл алғашқысы және соңғысы да емес. Талай қайталаған" деп жазды жас депутат

Нұрайым ауыр кезеңнен өткенін жасырмайды. Қиындыққа қарамастан, қайта тұрып, алға қадам басқанын айтады.