Танымал актриса Дариға Бадықова Threads қосымшасында «Ал Forbes-ке шықтым құттықтап қойсаңыздар болады, еңбегім ғой» деп жазды, деп хабарлады Democrat.kz.
«Бірақ, ішімде де, сыртымда да, өзгеріс жоқ. Фотоға түскенде де, «курица» болғым келген жоқ. Кеше біреу айтады «балконнан шампанский атып жұртты жинамадың ба?» деп.
Бір қалыпты жағдай менде сол. Неге былай екен деп сұрақ қойдым маман иесіне, ішкі тыныштық, қысымсыз көп нәрсені асыра уайымдамайтын еркін адам екенмін. Расында қызбалық жоқ менде», – деді ішкі әсерін бөліскен ол.
Алайда, актрисаның бұл жазбасы желідегі жұртқа жаға қоймады. «Ахахаха, «өзім шықтым» дей ме? Қыздар, женская солидарность деп өліп, киносына барып көтеріп едіңдер», «Мақтаншақ, Айсара», «Әйтеуір хайптың арқасында киносы өтіп кетті ғой», – деді тредс қолданушылары.