Мұхтар Шахановтың келіні ақынның қазасына байланысты әлеуметтік желіде әсерлі жазба жариялады деп жазады Democrat.kz.
Өз жазбасында абыз ақын, марқұм Шахановтың келіні Жаңагүл Өмірбекова қайын атасы кетіп, отбасының ғана емес, тұтас елдің орны ойсырап қалғанын жеткізген.
"Атам өтті бұл жалған өмірден…
Артынан өшпес із, асыл сөз, биік рух қалдырған…
Шаңырағыңызбен, еліңіз ойсырап қалды…
Ұрпағыңыз сізбен мақтанады, жан атам.
Жаныңыз жәннатта болсын…", – делінген жазбада.
Марқұм ақынның жақындарының бұл сөздері көпшіліктің де көңіл күйімен үндесіп, жұртты толқытты.