Марқұм Смановтың ұлы жазба жариялап, діншіл қауымды күңірентіп жіберді

Марқұм Смановтың ұлы жазба жариялап, діншіл қауымды күңірентіп жіберді

Белгілі уағызшы, дінтанушы ғалым Әбдіғаппар Смановтың ұлы Шәкірхан Сманов  әлеуметтік желіде әкесін еске алып, әсерлі жазба жариялады. Оның айтуынша, бүгін әкесінің дүниеден өткеніне 6 жыл толған деп жазады Democrat.kz.

«Уақыт өткен сайын әкенің орнының қаншалықты биік, қаншалықты қымбат екенін тереңірек сезінеді екенсің. Артыңызда қалған іліміңіз, тағылымды насихатыңыз, мыңдаған жүрекке жол тапқан өнегелі сөздеріңіз әлі күнге дейін ел жадында», деп жазды ол.

Сондай-ақ ол әкесінің отбасына тек әкелік мейірім ғана емес, иманның, білімнің, көркем мінездің үлгісін қалдырғанын атап өтті.

«Алла Тағала сізді шексіз рақымына бөлеп, қабіріңізді нұрға толтырсын. Жәннаттың ең жоғары дәрежелерінен орын нәсіп етсін. Артыңыздан оқылған әрбір дұға, жасалған әрбір игі іс өзіңізге сауап болып жаза берсін», делінген жазбада.

Жазба жарияланғаннан кейін желі қолданушылары пікір қалдырып, марқұмның рухына дұға бағыштады. Көпшілік Әбдіғаппар Смановтың уағыздары мен насихаттарының ел есінде қалғанын жазып, отбасына сабыр тіледі.

Мұнан бөлек, марқұм Сманов тірі кезде Қазақстанның көркеюіне үлес қосқаны мен "Сманов өлген соң, қатындар жалаңаштанып, инстаграмға шығып кетті" деп өкініш білдіргендер де бар.

Барлық жаңалықтар