Марқұм ұлына жазған өлеңін оқыған Асқар Жұмаділдаев жұртты жылатты

Марқұм ұлына жазған өлеңін оқыған  Асқар Жұмаділдаев жұртты жылатты

"Қазақстан" арнасының танымал математик Асқар жұмаділдаевтің мерейтойына арнаған шығарылымның бір бөлігі әлеуметтік желіде жарияланды. Қысқа видеода математикмарқұм ұлына арнаған өлеңін оқып, өзі де жылап, жұртты да жылатты деп жазады Democrat.kz.

"Арман деген ұлым болды. Бірақ ерте қайтыс болып кетті. Мына өлеңді сол ұлыма арнап шығарып едім...

Жаңа жауған ақ қардың, байқамадың тазасын,

Төсек тартып жатқанның, көрпе сезер азасын

Көгершін боп анаңыз, барлық білген ән айтты

Сенбей қойған санаңыз, сауығар деп сан айтты.

Күтіп тұрған бір қамшы, тайға мінер кезіңді

Сыр анаға бір тамшы неге артық сезілді

Алатауға бір түйір, салмақ болды тым ауыр

Алмақ едім бір үйір, ала алмадым бір жауыр

Жақсы әке жездедей, айта берер қазағың

Жеткізер ме жез көмей, үнсіз әке азабын

Жүрек жұтқан қанжардың кім түсінер айғайын

Сабыр қылып жаңбырдың сыбдыр үнін байқайын

Қайран күттім жалғаннан жарар жоқта тұз бал да

Асқарұлы Арманның жалғыз өлең із қалды..."деген математик Асқар Жұмаділдаев өлеңінің соңғы шумағында дауысы дірілдеп, көзіне жас үйірілді. 

Еске салып өтейік, математиктің ұлы Арман дүниеге келгеннен ДЦП дертіне шалдығып, он алты жасында дүниеден өтті. Асқар Жұмаділдаевті танитын кісілер оның науқас баласы үшін бармаған жері, баспаған тауы қалмағанын айтады.

Математик науқас баласын он алты жыл бой арқалап, сауығып кетеді деген үмітін үзбеген. Өкінішке қарай, меңдеген дерт математиктің ұлын он алты жасында алып кетті. Асқар Жұмаділдаевтің өміріндегі ең ауыр күндер, қара түнек сәттер сол кездері болады. 

Баласынан кейін көп ұзамай, әйелі де дүние  салады Осындай ауыр тағдырды арқалаған Асқар Жұмаділдаев араға жылдар салып, еңсесін әрең тіктеп, тағы да үйленді. 

Қазір математиктің екі ұлы бар, бақытты отбасы бар. 

 

Барлық жаңалықтар