Аман Тасығанға берген сұхбатында әнші Мейрамбек Беспаев қандай әке екені туралы айтты деп жазады Democrat.kz.
"Мен кез келген нәрсені кәсіби түрде атқаруды жақсы көремін. Әнші болсам, кәсіби әнші болу деген сияқты.
Дос болсам да, кәсіби дос болуды дұрыс көремін. Барлық нәрсені кәсіби атқару керек деп ойлаймын.
Бірақ бір ғана нәрсе бар, кәсіби әке бола алмадым. Енді тек дұрыс әке болуым ғана керек. Жақсы бола алдым ба, оны әкем мен шешем айта жатар", деді әнші.