Бірнеше күннен бері әлеуметтік желіде Оқу ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменованың мектеп директоры қызметін екі жылдан артық уақыт атқармауы керек деген пікірі қызу талқыға түсті деп жазады Democrat.kz.
Facebook әлеуметтік желісінде
Алаш Ұлы деген атпен тіркелген желі қолданушы министр Жұлдыз Сүлейменованың пікірін сынап, популизмге көбірек ұқсайтынын алға тартып, жазба жариялады.
"Егер бұл реформа деп аталып отырса, онда ол үстірт әрі популистік реформаға көбірек ұқсайды. Мұнда мектеп директорларының не қатысы бар? Мектептерде бұдан өзге проблема жоқ па?
Бүгін Астанадағы мемлекеттік мектептерде 4 мыңға дейін оқушы бар. Мұндай жағдайда бір мектепте 4 директор болып, әрқайсысы 1000 баладан жауапты болса, әлдеқайда тиімді болар еді.Мектеп директоры — ең қиын әрі ең жауапты қызметтердің бірі.
Оларды екі жылдық жаза, тіпті қылмыстық жауапкершілікпен қорқытып, қысым көрсетудің орнына, қалыпты жұмыс істеуіне мүмкіндік беріп, сенім артқан жөн.
Сонда ғана олар мектептің ішкі мәдениетін қалыптастырып, орта құрып, балаларға білім, құрмет пен мейірім бере алады.
Ал үнемі жазадан қорқып отырған директордан қандай нәтиже күтуге болады?
Егер директор өз міндетін атқара алмаса - жұмыстан босатыңдар. Бірақ мерзіммен қорқытпаңдар. Ротация да ештеңені өзгерткен жоқ - ол тек кезекті күйзеліс пен ертеңгі күнге деген алаңдаушылықты күшейтті.Егер мектеп директорларына екі жылдық мерзім белгіленсе, онда білім министрлері де екі жылдан артық қызметте отырмауы керек.
Мысалы, Саясат Нұрбек бес жыл бойы қызмет атқарып отыр, алайда пиар мен популистік мәлімдемелерден өзге нақты нәтижелер байқалмайды", деп жазған желі қолданушы министрлер мен шенеуніктерді тегтеп, "мына адасып келген министрге ақылдарыңызды айтыңыздаршы! Қай жерімен ойланып жүр? Не сөз, не ойы жоқ, не сұпыт жоқ бірдеңе..."
деді.