"Мектеп ішін кезген тізім": Қай балаға қандай баға қоятын тізімді кім жасайды?

"Мектеп ішін кезген тізім": Қай балаға қандай баға қоятын тізімді кім жасайды?
Әлеуметтік желідегі ұстаздар тобында Салтанат Байзақ есімді педагог мектеп ішіндегі балаларға баға қою арқылы жасалып жатқан келесі бір қиянат әрекет туралы жазба жариялады деп жазады Democrat.kz. 
 
"Жекеме бір әріптесім жазыпты:
Тоқсан бітіп, қорытынды баға қояр кезде сынып жетекшісі тізім алып келіп:"Осыған қарап қоясың ғой" деп, әкелген қағазын үстел үстіне қойып кетті.
 
Ашып қарасам, тоқсан соңындағы үздік пен жақсы оқитындардың тізімі.Қарап тұрып, ішім ашыды. Тәртібі нашар, қырсығып, жазуға ерінетін оқушылар тізімге еніп кетіпті. Қайта, шынымен, оқып жүргендер тізімде жоқ! Неге? Не себеп?
 
Мынау тізіммен балалардың болашағына балта шауып отырған жоқ па?! Ішіндегі "ұрып кеткен" екеуіне қоя алмайтынымды айтып едім, сынып жетекшісі ата-анасын шақырып, үстімнен арыз жаздыратынын айтты.
 
Тағы ата-аналарының жаман бәлеқор екенін де ескертті.
Сынып жетекшілерге сол тізімді кім жазып береді? Списокты еш қымсынбай, тастап кеткеніне қарағанда, бір күштінің диірменін тартып жүргендей ме дерсің?!
 
Білім басқармасынан сондай тапсырма келе ме?! Министрліктің талабы ма?!"деп жазды Салтанат Байзақ. 
Барлық жаңалықтар