Мемлекет басшысының ең маңызды іс сапарлары қайсысы?

Мемлекет басшысының ең маңызды іс сапарлары қайсысы?
Биыл Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың сыртқы саясат пен дипломатия саласындағы жұмыс кестесі күрделі.
 
Халықаралық жағдайдың күрделенуі, өңірлік және жаһандық деңгейдегі өзгерістер Қазақстаннан әккі сыртқы саяси қадамдарды талап етіп отыр. Осы тұрғыда президенттің қатысуымен өтетін кездесулер мен сапарлардың жиілеуі заңды құбылыс деп ойлаймын.
 
Мынаны қараңыз. Тек қараша мен желтоқсан айларын алайық. Тоқаевтың шетелдік сапарлары аз болған жоқ. Бұл кезеңде мемлекет басшысы бірқатар маңызды келіссөздер жүргізіп, Қазақстанның сыртқы саяси ұстанымын түрлі алаңдарда нақтылап келді. Елімізге қаншама президент, премьерлер келді.
 
Кеше ғана президент «Жапония – Орталық Азия» саммитіне қатысып, Азия бағытындағы дипломатиялық байланыстарды нығайтып келді. Жапонның алғашқы әйел премьерімен қарым-қатынасты жолға қойып қайтты. Оған қоса, 3,7 млрд долларға келісім жасады. Мұның бәрі елге технология, инвестиция тарту үшін маңызды.
 
Ал енді бүгін-ертең Қасым-Жомарт Тоқаев Санкт-Петербургке сапар шегеді. Онда Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысы және ТМД-ға мүше мемлекеттер басшыларының бейресми кездесуі өтеді.
 
Бұл алаңдарда экономикалық интеграция, сауда байланыстары және өңірлік қауіпсіздікке қатысты өзекті мәселелер талқыланбақ.
 
Шетелдік сапаралар көбейген сияқты. Алайда мұндай саясатты көрші елдердің басшылары да ұстанып отыр: Қырғызстан мен Өзбекстан президенттері де Петерборға жетіп үлгерді.
 
ТМД-дан өзге президенттер де келмек. Бұл сапарлардың барлығы формалды емес, керісінше ұлттық мүддені қорғауға, ықтимал қиындықтардың алдын алуға және мемлекетаралық диалогты үзбеуге бағытталған.
 
Қазіргі мұндай белсенді дипломатия елдің тұрақтылығы мен болашағы үшін ерекше маңызды.
 
Оңғар ҚАБДЕН, журналист. 
Барлық жаңалықтар