Әлеуметтік желіде өзінің ізін аңдып, сталкинг жасап жүрген адам барын айтқан қызылордалық қыз Жазира Қуанышбай көмек сұрады деп жазады Democrat.kz.
"Тура Нұрайдын оқиғасы менің басымнаң өтіп жатыр, Қызызордада тұрам, полиция мен прокуратураға арызды 2-3 рет жаздым, жүрген жерімде 102 шақырып қайтамын немесе жалғыз жүрмей.
ТЕК бір ғана жауап МЕН ТІРІМІН. Прокуратура полицияға ысыра салды, бұндай істі қарамайтының айтып, ал полицияға алдына барып бапты апарып, сол адамның барлық данный бердім, аңдып жүрген фото, видео дәлел бәрі бар, сондада жылы НОМЕНКЛАТУРАЛЫҚ ІС деп жабылды.
Сонда мен НҰРАЙ секілді Құдай сақтасын қашан өлетінімді күтейінба? Мен қашан емін-еркін, қорықпай жүре аламын? Жарты жыл болды, құдайдын құтты күні үйіммен жұмысымның алдына келіп тұрады. Мені танитындардың бәрі оны танып алған. Мен жай ғана үйіме өзім емін-еркін қайтқым келеді. ҚОРЫҚПАЙ!!!!!"деп жазды Жазира Қуанышбай.
Қызылорда облысының құқық қорғаушылары, Жазира Қуанышбайдың ізін аңдыған еркекке жаза қолдануды қашан бастайсыздар? Әлде, расымен адам өлімі болған соң, үстелден жамбастарыңызды көтересіздер ме?
Әлде "еркек қой" деп сүмеңдеп сталкинг жасап жүрген пендені әспеттеп отырсыздар ма? Мұндай сұмдық қашанға дейін жалғасады?
Дайындаған Хақназар САДЫРХАН.