Ақтөбедегі мешітте "уақытша неке" ұсынып, елді шулатқан блогер Эммануэлла Наурызбаева хиджабын шешті деп жазады Democrat.kz.
Еске салып өтейік, Эммануэлла Наурызбаева блогер, тиктокер, танымал діндар қыз. Ақтөбеде мешітте оған бір еркек асылып, "уақытша неке" ұсынып, бұл мәселені діндар қыз қоғамдық резонанс етіп, жариялаған еді.
Таяуда Эммануэлла діни киімін шешіп, басында ораған хиджабына дейін шешіп тастады.
Эммануэлланың бұл "жаңалығына" кей діндар әйелдер аузына ақ ит кіріп, көк ит шығып, ауыр сөздер жазуда. Ал кей қыздар "ол хиджабын денсаулығына байланысты шешті, дұрыс жасады" деп пікір жазуда. (Мақаланы ұрлап, сілтемесіз сайтыңызға жарияласаңыз, заңды жауапқа тартатынымызды ескертеміз!)