Дариға Бадықова өзгенің бақытына төрелік айту туралы ойын бөлісіп, ешкімге ештеңе дәлелдеуге міндетті емес екенін айтты, деп жазады Democrat.kz.
Дариға Бадықова Instagram парақшасында тағдыр мен бақыт туралы жазба жариялады.
«Құдайдың бұйрығына ешкім қарсы шыға алмайды. Тағдырдың жазғанын ешкім өзгерте алмайды», — деп жазды ол.
Бадықова әр адамның өз тағдыры мен бақыты бар екенін айтып, өзгелердің пікіріне қатысты ұстанымын білдірді.
«Қалай десек те, кім не ойласа да, әр адамның өз тағдыры, өз бақыты бар. Біреудің бақытына төрелік айту бізге бұйырмаған», — деді актриса.
Сондай-ақ ол ешкімнен ештеңе сұрамайтынын, ешкімге ештеңе дәлелдеуге міндетті еместігін жазды.
«Біз ешкімнен ештеңе сұрамаймыз. Ешкімге ештеңе дәлелдеуге де міндетті емеспіз. Тек бақыт тілеңіздер! Өйткені ақ ниетпен айтылған бір ауыз тілек мың түрлі пікірден қымбат», — деп түйіндеді Дариға Бадықова.