"Министр еш бүкпесіз Президентке баяндауы керек" деді Өмір Шыныбекұлы

"Министр еш бүкпесіз Президентке баяндауы керек" деді Өмір Шыныбекұлы
Белсенді ұстаз Өмір Шыныбекұлы білім саласынан бастау алып жатқан қоғамдағы қауіпті құбылыстарға қатысты айтып, Оқу ағарту министріне өз ұсынысын білдірді деп жазады Democrat.kz.
 
"Оқу ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова Президенттің қабылдауына өзі сұранып, білім саласында қалыптасқан жағдайды Президентке еш бүкпесіз ашық баяндауы керек...
 
Соғыс жағдайын енгізуге болатындай қорқынышты..
Төменде ҚР Балалар омбудсмені Динара Зәкиева  жариялаған Жамбыл облысында қалыптасқан жағдайдың бір парасы...
 
Жақсылап тексерсе, мұндай сұмдықтар еліміздің барлық өңірінен анықталар еді..
 
Экс-министрдің кезінде қабылданған "Біртұтас тәрбие"  бағдарламасы ата-аналарға біраз жауапкершілік жүктегеннен өзге қандай нәтиже берді?
 
Әскерден табытпен қайтып жатқан сарбаздар туралы жиі естиміз....
Әскердегі әлімжеттіктің түбірін мектептен іздеу керек қой...
 
Балаларға барлық жағынан үлгі көрсетуі тиіс бала бақша мен мектептердегі педагогтардың өздерінің "тәрбиесі", яғни адами сапасы қандай?
Оған бас қатырған жан бар ма?
 
Дәл қазір педагогтардың жалақысы жаман емес...
Тәрбие үшін жауапкершіліктің бәрін көбісінің өздеріне тәрбие керек ата-аналарға аудара берсек, мемлекет білім саласына бөліп жатқан триллиондаған қаржының өтеуін кімнен сұраймыз?" деп жазды Өмір Шыныбекұлы. 
Барлық жаңалықтар