Министр Жұлдыз Сүлейменова бірқатар мәселелерді жеке бақылауына алды

Министр Жұлдыз Сүлейменова бірқатар мәселелерді жеке бақылауына алды

▪️Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова қоғамдық қабылдау өткізді ▪️ Қабылдау барысында орта білім беру жүйесін дамытудың стратегиялық бағыттарымен бірге, мұғалім мәртебесі, сондай-ақ жекелеген азаматтардың өтініштері қамтылған кең ауқымды мәселелер қаралды деп хабарлайды Democrat.kz.

Оқу ағарту министрлігі таратқан ақпаратта жиын барысында өңірлерден келген педагогтер біліктілік санаттары, аттестаттау талаптары және еңбекақы мөлшеріне қатысты сауалдары мен ұсыныстарын айтылған.

Барлық өтініштер бойынша азаматтарға қолданыстағы заңнама шеңберінде толыққанды түсініктемелер берілді. Қосымша зерделеу мен пысықтауды қажет ететін мәселелер министрдің жеке бақылауына алынды. Қабылдау барысында Жұлдыз Сүлейменова ведомствоның салалық комитеттері мен құрылымдық бөлімшелерінің басшыларына нақты тапсырмалар берді. Айта кетейік, министр азаматтарды офлайн және онлайн форматта қабылдайды.

Қоғамдық қабылдау Астана қаласындағы Мәңгілік Ел даңғылы, 8 мекенжайында орналасқан Министрліктер үйінің 16-кіреберісінде, азаматтарды қабылдаудың мамандандырылған орталығында тұрақты негізде өткізіледі.

Барлық жаңалықтар