"Мойындаймын": Қайрат Әділгерей халықтан кешірім сұрады (ВИДЕО)

"Мойындаймын": Қайрат Әділгерей халықтан кешірім сұрады (ВИДЕО)

Актер, әзілкеш Қайрат Әділгерей өзінің подкастта күй атасы Құрманғазыны әзілдегені үшін сынның астында қалды. Тіпті оралдық ақсақалдар оны сотқа беретінін мәлімдеген деп жазады Democrat.kz. 

Актердің айтуынша, ол подкаст осыдан үш-төрт жыл бұрын жарияланғанымен, әлі де көптің қызу талқысына түсіп отыр. Өнер иесі осыған орай, елдің алдына шығып, кешірім сұрауды жөн көрген. 

«Қазақ тарихының тұлғасы Күй атасы Құрманғазы бабамыз турасында айтылған сөздеріме түсініктеме беруді жөн көрдім! Бұйыртса жақын арада бабамыздың жатқан жеріне барып, құран бағыштап, ұрпақтарынан кешірім сұраймын! Бабамыздың аруағын қорлау ниетім болмаған!», — деп жазды ол.

Барлық жаңалықтар