Молда әйелдің интимді жерлерін ұстап, емдік сеансын жүргізген

Молда әйелдің интимді жерлерін ұстап, емдік сеансын жүргізген

Бірнеше күннен бері әлеуметтік желіде әлдебір молдаға дем салдыруға барған келіншектің жазбасы қызу талқыға түсті деп жазады Democrat.kz. 

"Қыздар, кімде болды, молда дем салып, оқығанда, маткамды ұстап, астына қолын салып суфф деп оқығанын. 

Тұрмыстамын. "Сендерді ажырастыруға оқытқан, бірақ ажыраспайсыңдар" деді молда. Мына жағдайдн кейін психологиялық масқара жағдайға түскендей күйге түстім. Маған ақыл беріңіздерші" деген жазба жұрттың жағасын ұстатты. Жұрт төмендегідей пікірлер жазуда

"Сорлы қазақ. Өзінде ынта ықыласы жоқ, өзі ізденбейді, сауат ашпайды. Сосын осындай арамзалардан қорлық көреді... Не арабша әріп танымайтын, Құранды кітаптан оқи алмайтын біреуді әулие етіп алады"

"Молда емес аферист біреуге барғансың ғой"

"Молда тек дұға жасай алады, яғни рухани демеу береді. әйелге қол тигізіп "емдеу" болмайды. өтірік екенін есі дұрыс адам біледі ғой... осындай аферисттерге сеніп, 21 ғасырда әлі күнге дейін баратын адамдарға сөз жоқ".

Дайындаған Ұлжан БАҚЫТҚЫЗЫ. 

Барлық жаңалықтар