Танымал әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың экс әйелі Мөлдір Мұқанова оралдықтарға арнап, арнайы үндеу жасады деп жазады Democrat.kz.
Шығармашылық іссапармен Ақтөбеде жүрген Мөлдір Мұқановаға көрерменінің бірі келіп, "Оралдан арнайы келдім. Сізді Оралға ренжіп, келмейді дегенді естіп, арнайы келдім" деді.
Мына сөзге таңғалған Мөлдір: "Оралдықтар, мен сіздерге ренжіген емеспін! Керісінше, оралдықтардың үлкенмен де, кішімен де тең дәрежеде сөйлесіп, әр адамды ерекше сыйлайтын қасиетіне тәнтінімн.
Мен жиырма жыл бұрын Оралға келін болып, босаға аттадым. Бес балам да Оралдың балалары. Балаларымның туыстары оралдықтар.
Шығармашылық іссапармен желтоқсанның бірі күні Оралға барамын. Мен оралдықтарды ерекше жақсы көремін!"деді. (Мақаланы ұрлап, сілтемесіз көшіріп басатын сайттарды заңмен жауапқа тартатынымызды ескертеміз!)