М.Шайдоров мәселесіне қатысты вице-министр мәлімдеме жасады

М.Шайдоров мәселесіне қатысты вице-министр мәлімдеме жасады

Еліміздің Туризм және спорт вице-министрі Серік Жарасбаев таяуда ғана қоғамда шу тудырған спортшы Михаил Шайдоровтың мәселесіне қатысты мәлімдеме жасады деп жазады Democrat.kz.

Еске салып өтейік, Олимпиада чемпионы, мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоров отандық подкастардың бірінде жалақының уақытылы төленбей жатқанын айтқан болатын. 

Осы мәселеге қатысты Туризм және спорт вице министрі Серік Жарасбаев: "Михаил Шайдоров еліміздің спорт саласындағы жарық жұлдыз. 

Оның қазақ спортының тарихында аты алтын әріппен жазылған адам екенін де атап айтқым келеді. 

Михаилды барлық жағдайда қолдаймыз және оның алдағы уақыттағы бүкіл бастамаларына табыс тілейміз. 

Қазіргі кезде қоғам қызу талқылап жатқан келісімшартқа байланысты айтарымыз, Михаил оған қолын қойған. Барлық келісімдер заң аясында жүрді. 

Екі тарап өзара келісімге келіп, келісімшартқа қол қойған. Келісімшартқа байланысты белгіленген ақылардың бәрі алдағы уақытта төленеді. 

Айта кетейік, 5 маусымда Михаил өзінің командасымен АҚШ елдеріне осы маусымдағы ойындарына дайындық үшін жолға шығады. Сонымен қатар, таяу күндері Михаил Шайдоров уризм және спорт министрлігіне келіп, барлық мәселені бірге отырып, талқылайтын боламыз", деп мәлімдеді. 

Барлық жаңалықтар