"Мұғалім болудың ғажайып "плюстары" аз емес" дейді белсенді педагог

"Мұғалім болудың ғажайып "плюстары" аз емес" дейді белсенді педагог

Мұғалім болудың тек қиын жақтарын ғана сөз қылатын қазақ қоғамында мектепте жұмыс істеудің керемет тұстары да барын айтқан ұстаздың видеосы қызу талқыға түсті деп жазады Democrat.kz.

Мектепте жұмыс істеудің қиындықтарын бұған дейін де талай айтқанын алға тартқан блогер педагог: "Ең бірінші "плюс", егер мемлекеттік мектепте жұмыс істейтін болсаңыз, жарты күн ғана жұмыс істеуге болады. 

Екіншіден, демалыс. Бүкіл жаз бойы елу алты күн бойы жұмыс істемей, алаңсыз демаласыз. Мұндай демалыс тек стюардессаларда ғана бар. 

Үшіншіден, еңбек демалысына алатын ақшаңыз. Сіз бірден екі айлық жалақыңызды аласыз, сосын саулыққа байланысты ақша аласыз. 

Жазда бос уақытыңызда репетиторлықпен айналысып, қосымша ақша табуға да мүмкіндік көп. 

Төртіншіден, шығармашылық жұмыспен айналысу. Егер энергияңыз жетсе, түрлі әдістермен сабақ өткізуге дайындалудың өзі керемет қой.

Бесіншіден, офистік, отыратын жұмыс емес. Үнемі шапқылап, қозғалыста боласыз.

Алтыншыдан, тұрақты жалақы. Әлеуметтік қамсыздандыру.

Жетіншіден, өзіңді дамытуға мүмкіндік беріледі. Мемлекет үнемі түрлі семинар, оқуларға жібереді.

Ал бәрінен де мұғалімнің ештеңеден қорықпай, тәуекелге бел бууы. Пәлен сынып жүйкеңді жұқартса да, оқушының шешелері айғайлап, мазаңды алса да, мектеп басшылығы шаршатса да, мұғалім болу ең керемен мамандық" дейді.

Жас маманның бұл айтқандарымен келіскендер де бар, қарсы пікір жазып жатқандар да жоқ емес. "Демалыс үшін алған ақшаң түкке де жетпейді ғой", "репетитор болуға күш те қалмас", "әрине, бала оқытудан керемет күш аламын, бірақ мектеп басшылығының бітпейтін қағаздары қажытып жібереді" деген пікір жазуда жұрт. 

Барлық жаңалықтар