"Мұғалімдердің ақшасы қайда?" деген белсенді педагог министрге сұрау салды

"Мұғалімдердің ақшасы қайда?" деген белсенді педагог министрге сұрау салды
Оқу жылы аяқталып, енді кей мұғалімдер асыға күткен еңбек демалысына шыға бастады. Алайда еліміздің кейбір өңірлерінде мұғалімдер тиісті ақшаларын ала алмау дейтін проблема биыл да жалғасын тауыпты деп жазады Democrat.kz.
 
Бұл мәселе туралы белсенді ұстаз Айман Сағидулла мәлімдеді. Әлеуметтік желідегі парақшасында ол: "Мені бір сұрақ ойландырады.
 
Ай сайын Алматы облысы бойынша Қарасай ауданы ғана жалақыны ең соңынан алады.
 
"Ақша жоқ, ақша отырмады, қазынашылық ақша бермеді,"-деген жауап аламыз. Ақша қайдан келуі керек, қайда отыруы керек? Осыны түсінбеймін.
Айналамыздағы аудандардың бәрі жалақы алып алады. Біз ғана банктердегі кредиттерге ай сайын пайыз төлеп отырамыз.
Неге?
 
Қазір Қарасай ауданының мұғалімдері кезекті еңбек демалысының жалақысын ала алмай отыр. Еңбек кодексіне сәйкес бұл жалақы еңбек демалысына кетпестен үш күн бұрын берілуі керек.
Неге заң орындалмайды?
 
Еңбек демалысына шыққандарына бүгін 3 күн болды.
Ақша неге жоқ?
Осы сұрақ мені мазалайды.
Басқа кездерді айтпай-ақ қояйын.
Дәл осы кездегі кезекті еңбек демалысының ақшасы қайда?
 
Неге ай сайын мұғалімдер жалақы алуы үшін министрлікке қоңырау шалып, пост жазуымыз керек?
Алматы облысының басқа аудандары мамыр айының соңында алып қойды.
Олар заңға сәйкес төледі.
 
Алматы Облысының Білім Басқармасы !
Талғар ауданы мен Жамбыл ауданына жіберген ақшаларыңызды Қарасай ауданына жібермедіңіздер ме? Жіберген болсаңыздар, ол ақша қайда? Неге мұғалімдерге берілмейді?
 
Жұлдыз Досбергенқызы Сүлейменова ханым!
Облыс барлық аудандарға ақша бөлген болса, Қарасайдың ақшасы қайда?
Неге әрқашан жалақы аларда "Ақша жоқ" дегенді ести береміз?
 
Облыстан бөлінген ақшаны жібере салу қиын ба бұларға?
Әлде облыс Қарасайға ғана ақша жібермей отыр ма?
Жұлдыз ханым!
Осы сұраққа жауап беретін біреу табыла ма?
Кезекті еңбек демалысының ақшасын неге уақытында төлемейді? Қарасайдың бас есепшісінен сұрауыңыз керек-ау осыны.
 
Жұлдыз ханым! Осы мәселені назарыңызға алуыңызды сұраймын!
Қарасайлықтар! Шындықты пікірге жазсаңыздар дұрыс болар еді", деп жазды. 
Барлық жаңалықтар