"Мұғалімге берілетін "шеберлік" санатын мүлде жою керек" дейді белсенді педагог

"Мұғалімге берілетін "шеберлік" санатын мүлде жою керек" дейді белсенді педагог

Белсенді педагог Тілекқабыл Нұрышов "шебер" санатындағы мұғалімдерге қатысты мәселе көтеріп, жазба жариялады деп жазады Democrat.kz.

"Осы қорлықты көргенде педагог-шеберлерден көрдік -ау. Біреуі республикалық пәндік олимпиададан алтын медаль әкеліп берген оқушысын қорғаудың орнына директор мен завучтың сойылын соғып әлек болып еді. 

Енді біреулері өздеріне жетпеген ақылды басқаға айтып, дипломсыз қалдыруға сәл қалған. Ы.Алтынсарин төсбелгісін тағып алып істеп жүрген әрекеттері осы. Не кәсіби, не адами тұрғыдан сай емес адамдарды ұлықтаудың соңы осылай болады.

Бұл менің нақты білетіндерім. Білмейтінім қаншама. Жеке басым адамды санатына емес, санасына қарап бағалаймын. Әйтпесе оқытылмайтын пәннен де шебер алып жүргендер бар.

Бес жылда бір рет қалалық олимпиададан орын алып шебер болып жүруге де ұялмайтындар шығып жатыр. Aдам болмысы табиғатынан әртүрлі. Кейбір сарапшы ,зерттеушілер шеберді он орайды.

Бірақ санат алуға қызықпайды, өз жұмыстарын сапалы жасап жүре береді. Осы тұрғыдан алғанда республикалық деңгейдегі шараларға шебер деп қана емес , нақты жасап жүрген жұмысына қарап таңдау керек.

Жалпы шеберге талапты күшейту керек, не ол санатты мүлде жою керек. Лайықтылары жоқ емес, бар. Бірақ, олар өте аз. Басым көпшілігі құр атаққа ұмтылғандар. Сондықтан қолдан жұлдыз жасап, орынсыз марапатты тоқтатататын уақыт жетті" деп жазды Тілекқабыл Нұрышов.

Барлық жаңалықтар