Танымал діндар, психолог коуч Мұхамеджан Тазабек ананың баласына деген шектен тыс махаббатына қатысты кеңес ұсынып, жазба жариялады деп жазады Democrat.kz.
"Ананың жүрегі мейірімге толы! Сол мейірім шектен шыққанда баласын тұншықтырып жібергенін байқамай қалуы мүмкін!
Ұлын тым еркелету, әкесінің орнына әке де, ана да өзі болуға тырысу, баласының отбасына шектен тыс араласу т.б проблемалар өте көп!
Дер кезінде керек ақпаратты біліп, жағдайды өзгертпесе қиналып қалатын ананың өзі ғана! Тағдырдан екі рет таяқ жемеңіз! Ұлыңыздың кішкентай кезінен болсын, қазір болсын дұрыс қарым-қатынас қалыптастырудың ерте-кеші жоқ!
“Жылатпайтын еркек” сабағында жанында мықты ер азамат болмаса немесе жалғызбасты болса ұлды қалай өсіру қажет, қандай қателіктер жібермеу керегі кеңінен қозғалды!" Деп жазды Мұхамеджан Тазабек.