Мұқасан Шахзадаев ән үшін Ғалымжанның "бетін тегістеп" жіберген

Мұқасан Шахзадаев ән үшін Ғалымжанның "бетін тегістеп" жіберген

«Нұр-Мұқасан» тобына жаңадан қосылған әнші Ғалымжан соққыға жығылғанын айтты. Бұл туралы танымал блогер Жан Ахмадиев өз парақшасында жазды, деп хабарлайды Democrat.kz.

Айтуынша, даудың басы топ орындаған әннен басталған. Мәселені бейбіт жолмен талқылау үшін Ғалымжан топтың бұрынғы әншісі Мұқасан Шахзадаевтың үйіне барған. Алайда ол жақта жағдай ушығып, бірнеше адаммен бірге жүрген Шахзадаев Ғалымжанға күш қолданғаны айтылады.

Салдарынан Ғалымжан түрлі дене жарақаттарын алып, мұрны мен қолы сынған. Ең сорақысы оқиға орнына шақырылған полиция Мұқасанды емес, керісінше жәбірленушінің өзін ұстап әкеткенін айтады.

Қазір «Нұр-Мұқасан» тобының мүшесі заңгерлердің көмегіне жүгініп, күш қолданған әртісті жауапқа тартуды талап етіп отыр. Оқиға бойынша құқық қорғау органдарына ресми шағым берілген.

Барлық жаңалықтар