Біраз уақыт бұрын "Нұр Мұқасан" тобының әншісі Мұқасан Шахзадаевтан оңбай таяқ жеген азамат Ғалымжан Сүлеймен тағы бір сұмдық мәлімдеме жасады деп жазады Democrat.kz.
Заңгер Инга Иманбай мен белсенді блогер Жан Ахмадиевтің ұйымдастыруымен өткен жиында Ғалымжан Сүлеймен қазіргі жағдайы туралы баяндап берді.
"Нақты біреуге жала жабудан аулақпын. Алайда соңғы кезде болып жатқан жағдайлар алаңдата бастады.
Аулада басына баскиімді басып киген, аузына маска таққан екі жігіт қасыма келіп "к...тіңді қысып жүр" деді.
Әрі қарай орысшалап, мыңғырлап бірдеңе деп, бұрылып кетіп қалды.
Мұнан бөлек, жақында қарасам, көлігімнің кей болттары босап тұр. Адамның ойына түрлі нәрселер келеді екен", дейді Ғалымжан Сүлеймен.
Жан Ахмадиев бұл мәселеге қатысты "Ғалымжанның басына қауіп төнді" деп мәлімдеді.
Қазіргі кезде "Шахзадаев ісі" қалай жүріп жатқанына қатысты заңгер Инга Иманбай: "Анық айта аламын. Бұл іске біреулердің ықпалы болып жатыр.
Себебі 107 бап бойынша істің жарты жыл бойы сотқа жетпеуі бұл жерде әлдебір ықпалдың, күмәнді жағдайлардың болып жатқанын көрсетеді" деді.