Мұқасан Шахзадаевтан таяқ жеген жігіт жұрт білмейтін шындықты жайып салды

Мұқасан Шахзадаевтан таяқ жеген жігіт жұрт білмейтін шындықты жайып салды

“Нұр-Мұқасан” тобының жаңа мүшесі Ғалымжан Сүлеймен блогер Жан Ахмадиевке берген сұхбатында өзіне жасалған шабуыл туралы егжей -тегжейлі айтып берді деп жазады  Democrat.kz.

Әншінің сөзінше, оқиға кезінде ол қатты соққы алып, есінен танып қалған. Қасында болған азамат оның жағдайына алаңдап, полиция шақырған.

“Жанымдағы жігіт: “Сізді өлтіріп қоя ма деп қорықтым. Ес-түссіз жатқанда тоқтамай соққы жасалды. Сол себепті полицияға хабарластым” деді. Алайда тәртіп сақшылары келгенде, жәбірленуші болсам да, алып кеткені мен болдым»”,-дейді Ғалымжан.
Оның айтуынша, полиция келгенге дейін де соққы тоқтамаған. Әнші қарсы тараптың ықпалды таныстары болуы мүмкін деген күдігін де жасырмады.

Сондай-ақ уақыт өте келе оқиғаға қатысты түрлі алыпқашпа әңгімелер тарай бастағанын айтты. Кей адамдар жағдайды әдейі бұрмалап, өз нұсқаларын таратып жүр дейді ол.

“Қазір той-томалақта мені жамандайтын сөздер естимін. Болған жайтты басқаша жеткізіп жүр. Екі ай өтсе де іс әлі аяқталған жоқ”,-деді Сүлеймен.

Бұл мәселеге қатысты оның қорғаушысы Инга Иманбай да пікір білдірді.

Адвокат тергеудің заңда белгіленген мерзімнен асып кеткенін атап өтті: “Қылмыстық кодекстің 107-бабы бойынша мұндай істер әдетте екі апта, әрі кетсе бір ай ішінде сотқа жолдануы тиіс. Алайда бізде процесс тым баяу жүріп жатыр. Сондықтан қарсы тараптың ықпалды таныстары болуы мүмкін деген күдік бар. Айыпталушы тараптан өкініш білдірілгенін де көрмедік”.

Барлық жаңалықтар