МузАрт тобының әншісі Кенжебек Жанәбілов жан сақтау бөліміне түскен

МузАрт тобының әншісі Кенжебек Жанәбілов жан сақтау бөліміне түскен

«МузАРТ» тобының әншісі Кенжебек Жанәбілов денсаулығына байланысты ауруханаға түскенін мәлімдеді деп жазады Democrat.kz.

Өнер иесі бұл туралы Instagram парақшасында жазды. Әншінің айтуынша, жүрек қан тамырларының бітелуіне байланысты жансақтау бөліміне түскен. Дәрігерлердің шұғыл көмегінен кейін жағдайы тұрақталып, ол палатаға ауыстырылған.

«Бүгін Шымкентке ән кешіне баруым керек еді. Жүрек қан тамырларының бітеліп, @erensau.kz ұжымының көмегімен жансақтау бөлімінен палатаға ауыстым. @almat.yegizekov досым басқарған ұжымға мың алғыс! Дұғада болайық», – деп жазды әнші.

Кенжебек Жанәбілов дер кезінде медициналық көмек көрсеткен дәрігерлерге алғысын білдіріп, көпшіліктен өзі үшін дұға етуді сұрады.

Әзірге әншінің қазіргі жағдайына қатысты қосымша мәлімет жарияланған жоқ.

Барлық жаңалықтар