МузАрт тобының әншісі Сәкен Майғазиев "кісі ақысын жеген" деген атпен елді шулатып жатқанда, дәл осыған ұқсас ақпарат осы топтың келесі әншісі Кенжебек Жанәбіловке қатысты да шықты деп жазады Democrat.kz.
Еске салып өтейік, әнші Сәкен Майғазиев Түркістанда жекеменшік мектеп ашып, сол жерде жұмыс істеген кісінің ақысын екі жылдан бері бермей жүргенін Democrat.kz. жазған еді.
Сәкен Майғазиевке қатысты бұл жазба Threads әлеуметтік желісінде жазылды. Осы жазбаның астына енді МузАрттың келесі әншісі Кенжебек Жанәбіловтің де кісі ақысын қайтармағаны туралы дерек айтылды.
Айкен Бауыржанқызы деген атпен тіркелген желі қолданушы: "Кенжебек те қадаған папамды. Папам таксовать етіп жүргенде ДТПдан кейін ақшасын бермей, соңында науқас баласын сылтауратып, папа машинасы жарамай жұмысқа шыға алмай, біраз уақыт қаражаттан қиналып қалғанбыз.
Соңында әкем көлігін өзі жөндетіп шыққан жұмысқа", деп жазды.
