"Мына жаңалыққа есімнен танып отырмын" деген Мадияр Серікбаев мәлімдеме жасады

"Мына жаңалыққа есімнен танып отырмын" деген Мадияр Серікбаев мәлімдеме жасады

"Өнер қырандары" әзілкештер тобының жетекшісі Мадияр Серікбаев елде ашылатын казиноларға қатысты пікір білдіріп, қарсылығын білдірді деп жазады Democrat.kz.

"Мынау қалай болды енді? Елде азартниктер мен лудомандарды емдеуге қаншама қаражат жұмсалып, сол жолда тер төгіп еңбек етіп жатқандар қаншама.

Тіпті бұл құмардың құрығына құрықталғандардың алдыңғылары отбасымен айырылысып, түбі түрмеден табылып жатса, кейінгілері Құдай сақтасын өздеріне қол салып ,бұл фәнимен қоштасқандары да болған.

Бұл індетті қалай тоқтатамыз деп жүргенде мына жаңалықты естіп , естен танардай болып отырмыз. Бұл жаңалыққа ел не дейді?"деп жазды Мадияр Серікбаев. 

Барлық жаңалықтар