4 адамды өлтірді деген күдікке ілініп, сот алдында жауап беріп жатқан Сұлтан Сәрсемәливтің марқұм Наурыз Мұқанғалиевтің телефонынан не деп жазғандары мәлім болды деп жазады Democrat.kz.
Сот процесінде судья марқұм Наурыз Мұқанғалиевтің ұялы телефонындағы жазбаларды оқып шығып, "осыларды сіз жаздыңыз ба?" Деп күдіктіден сұрады.
Сұлтан Сәрсемәлиев барлық смс хабарламаларды өзі жазғанын мойындады.
Марқұм Наурыздың телефонында былтырғы желтоқсан айында "Наурыз қайдасыздар, уайымдап отырмыз ғой?" Деген хабарламаға: "Сәлем бердік! Шаруамыз бітпей жатыр.
Апа ауырып отырмын, бармаймын дейді. Үйленетін қыз жақта айғай шығарып жатыр. Алмасаң, сотқа береміз деп. Реттеп алайыншы бірінші. Апа тәуір болған соң, қайта барамыз.
Қазір жүре алмай тұр. Тәте өзі рұқсат берді маған.Малдарды сат та үйленіп ал деп. Құрысыншы, білмеймін.
Мал дей бермей, мен үйленіп алайын. Ешкімнің шаруасы болмасыншы. Өз отбасымды өзім қараймын, ешкімге есеп бермеймін, бәріне өсек керек"деп жазғанын мойындаған Сұлтан Сәрсемәлиев әрі қарай сол телефонда қаңтар айына дейін алаңсыз Наурыз Мұқанғалиев болып хат алмасып жүргенін айтты.
"Әйелім намазхан деп оны вахабист деп, ауылға кіргізбейміз деп жатыр" деген смсті де марқұмның телефонынан Сұлтан Сәрсемәлиевтің жазғаны белгілі болды.