Нетаньяху Газа тұрғындарын қаладан кетуге үндеді

Нетаньяху Газа тұрғындарын қаладан кетуге үндеді

Осыған байланысты Премьер-министр Биньямин Нетаньяху аймақ тұрғындарын қаладан кетуге үндеді, деп хабарлайды Democrat.kz.

Нетаньяхудың айтуынша, соңғы аптада Израиль әуе күштері Газадағы бірнеше көпқабатты ғимаратты қиратқан. Ресми Тель-Авив аталған нысандарды ХАМАС ұйымының әскери инфрақұрылымына пайдаланылған деп мәлімдейді.

Премьер-министрдің дерегінше, қазірдің өзінде 50-ге жуық көпқабатты ғимарат жойылған.

"Бұл тек негізгі операцияның бастауы ғана. Әскеріміз жерүсті шабуылына дайындалып жатыр. Сол себепті Газа тұрғындарын қауіпсіз жерге кетуге шақырамын", – деді ол.

Бұған дейін Израиль билігі Газа қаласын толық бақылауға алу және ХАМАС қозғалысының қарулы топтарын жоюды көздейтін кең ауқымды әскери операция жоспарын жариялаған еді. Бұл шешім тамыз айының соңында премьер-министрдің бастамасымен мақұлданған.

Әскери сарапшылардың айтуынша, мұндай қадам аймақтағы қақтығыстың жаңа, одан да ауыр кезеңіне ұласуы мүмкін. Ал халықаралық ұйымдар азаматтық халықты қорғау мен гуманитарлық жағдайға алаңдаушылық білдіріп отыр.

Барлық жаңалықтар