Нұрай Серікбайдың аруағы тіл қатты: Марқұмның әр сөзі сай-сүйекті сырқыратты

Нұрай Серікбайдың аруағы тіл қатты: Марқұмның әр сөзі сай-сүйекті сырқыратты

ТикТок әлеуметтік желісінде жарияланған Нұрай Серікбайдың видеосы жұртты еріксіз селт еткізді. Видео ЖИ көмегімен жасалған болса да, видеоны көргендер марқұм Нұрайдың аруағының үнін естігендей күйге түскендерін айтуда деп жазады Democrat.kz.

Еске салып өтейік, шымкенттік 21 жасар Нұрай Серікбай сталкинг құрбаны болды. Ізінен қалмаған Шерхан Аймахан марқұмға 35 жерінен пышақ сұғып, салдарынан өрімдей жас қыз бақилыққа аттанған болатын. 

Қазіргі кезде осы қылмыстық іске байланысты сот процесі жүріп жатыр. Сотта күдікті Шерхан Аймахан өз кінәсін мойындамай, түрлі себептері мен айғақтарын айтып, ақталуға күш салуда. 

ТикТок желісінде ЖИ көмегімен жасалған марқұм Нұрайдың қазақ қоғамына жасаған үндеу видеосы көрген жұртты еріксіз селт еткізді. Видеода Нұрай Серікбай өзін қалай өлтіргенін, оған дейін не болғанын "баяндап": "Қазақ қоғамы, қыздар, сталкингке қарсы тұруға тиіссіздер! Егер де сізді де өзге еркек мазалап жүрсе, үнсіз қалмаңзы, барынша айғайлап, көмек сұраңыз! Мен сияқты құрбан болмаңыз", - "дейді". 

Видео ЖИ көмегімен жасалғанына қарамай, мұны көргендер марқм Нұрайдың аруағының үнін естігендей болғандарын айтып, пікір жазуда. 

Барлық жаңалықтар