Шымкентте сталкердің қолынан қаза тапқан Серікбай Нұрайдың ісіне байланысты бірінші сот отырысы 21-ші шілде күні өтеді деп жазады Democrat.kz.
Бұл кезеңде сот бірқатар негізгі процестік мәселелерді қарайды:
істің алқабилер сотының қатысуымен қаралатыны немесе оны кәсіби судья қарайтыны шешіледі;
сотта айыптауды қолдайтын мемлекеттік айыптаушы (прокурор) айқындалады;
келесі сот отырыстарының күні белгіленеді;
сот процесінің форматы – ашық, жабық немесе онлайн-трансляция мүмкіндігімен өтетіні (егер бұл заң талаптарына сәйкес келсе) анықталады.
Бұл отырыс істің одан әрі қандай тәртіппен қаралатынын айқындайды.
Біз мынаны қолдаймыз:
Ашық әрі әділ сот.
Кінәсі заңда белгіленген тәртіппен дәлелденген жағдайда, кінәліге өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын тағайындау.