Нұрлан Өнербаевтың анасын жоқтауы сай-сүйекті сырқыратты

Нұрлан Өнербаевтың анасын жоқтауы сай-сүйекті сырқыратты

Белгілі әнші Нұрлан Өнербаев таяуда жер қойнына берген анасына арнап жоқтау жазба жариялап, оқырмандарының сай-сүйегін сырқыратты деп жазады Democrat.kz.

Өз жазбасында Нұрлан Өнербаев балалық махаббатын тебірене жеткізіп: "Аяулым - Анам!
Мәңгілік әлди - әнім менің...

Иә, заманның жетістігінің бірегейі бүгінде қолымыздағы гаджед екені сөзсіз ау. Бейнені, суреттерді сақтап, керек кезінде қалағаныңша пайдаланудың мүмкіндігі туғанына да шүкіршілік дейміз.

Міне, мен де дәл қазір анамның соңғы кездерде түсіріліп алынған суреттерін пайдаланып, анам мен әкемнің жарқын бейнелерін өздеріңізбен бөлісуді жөн көрдім.

" Қайғы бөліссе азаяды" деген сөздің маңыздылығын, осындайда қайғырып көңіл айтып, жұбату сөздерін жолдап жатқан ағайын-дос, құрбы замандас, көз көргендермен әлеу. желідегі оқырмандардың шын ниет, жылы жүректерінен шыққан сөздері расында жаныңа жеңілдік сыйлайтынын сезеді екенсің.
Сондықтан да барлықтарыңызға өз атымнан ризашылығымды айтып, ақ адал көңілдеріңіздің алдында басымды иемін. Мың да бір рахмет!

Түн ұйқыңды бөліп, ақ бесігіме төніп, ақ сүтіңді берген анашым, перзенттік парызымды өтей алдым ба екен.

Білмеймін. Болса, ендігі дұғам арқылы, жүрегімде сарқылмас сағынышым арқылы өтермін.
Жалғандағы жарығым, аналық ақ тілегіңмен тірек болған қорғаным едің ау.

Енді кімге сенім артып, кімнен қорған тілермін.
Аяулым- Анам.
Мәңгілік әлди - әнім менің!"деп жазды. 

Барлық жаңалықтар