"Нұрсейіт Жылқышыбай қайтыс болды" деген суық хабар тарады

"Нұрсейіт Жылқышыбай қайтыс болды" деген суық хабар тарады

Белгілі журналист Нұрсейіт Жылқышыбайға қатысты әеуметтік желілерде сұмдық қорқынышты хабарламалар тарап жатыр деп жазады Democrat.kz.

Бұл туралы журналистің өзі желідегі парақшасында жазып: 

"WhatsApp-ыма осындай скриндер келіп жатыр. TikTok-та біреулер мені «өлтіріп» тастапты. Тіпті жаназа уақытымды да жазып қойған.

 Тірі жүргенімізді көре алмайтындар да бар екен ғой. Қасиетті Рамазан айында осындай әрекет жасап жатқандардан не күтеміз?

Құдайға тапсырдым. Қазақ атам: «Өзгеге өлім тілегенше, өзіңе өмір тіле», – демей ме?"деп мәлімдеді. 

Барлық жаңалықтар